Нұрашев Тимур Бекболатұлы

Өмірбаян

Тимур Бекболатұлы Нұрашев 1974 жылғы 24 қазанда Алматы қаласында (Қазақстан) туған.

Білімі

1996 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген.

Жұмыс тәжірибесі

Тимур Бекболатұлы Нұрашев еңбек өмірбаянын 1995 жылы «Алмаком» ҮЕҰ бас маманы болып бастады, бұдан кейін осы кәсіпорын бас директорының орынбасары болды.

1998 жылдан бастап Қазақстанның әртүрлі мемлекеттік мекемелерінде мемлекеттік қызметте болды. Экономика және сауда министрлігінің Экономикалық және инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Стратегиялық жоспарлау және инвестициялық саясат департаментінің директоры болып істеді.

2004 жылдан бастап 2010 жылға дейінгі аралықта Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы болды.

2010-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖСШ басқарды.

2014-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып істеді.

2018 жылғы қарашадан бастап – Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры.