Серпиков Владимир Михайлович

Серпиков Владимир Михайлович

Өмірбаян

Владимир Михайлович Серпиков 1966 жылғы 19 мамырда туған.

1990 жылы Минск мемлекеттік лингвистикалық университетінің аударма факультетін, 1996 жылы Белорус мемлекеттік университетінің заң факультетін үздік бітірген. 

1990-1995 жылдары Беларусь Республикасының Білім министрлігінде және Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінде әртүрлі лауазымдарды атқарды. 

1995 жылдан бастап 1998 жылға дейін Беларусь Республикасының Нью-Йорктегі Бас консулдығында, Беларусь Республикасының Амаерика Құрама Штаттарындағы Елшілігінде (Вашингтон қаласы) жұмыс істеді. 

1998-2001 жылдары — Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жалпыеуропалық ынтымақтастық басқармасы бастығының орынбасары. 

2001-2005 жылдары — Беларусь Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің / Беларусь Республикасының Еуропалық одақ жанындағы Тұрақты өкілдігінің кеңесшісі

2006-2010 жылдары — Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жалпыеуропалық ынтымақтастық басқармасының бастығы — Еуропа бас басқармасы бастығының орынбасары

2010-2016 жылдары — Беларусь Республикасының Словакия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2016-2022 жылдары — Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Беларусь Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу жөніндегі келіссөз делегациясының басшысы

2022 жылғы 19 мамырдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда саясаты департаментінің директоры қызметіне тағайындалды. 
Ағылшын және француз тілдерін меңгерген.