Захаров Андрей Владимирович

Захаров Андрей Владимирович

Өмірбаян

Андрей Владимирович Захаров 1976 жылы туған. Мәскеу мемлекеттік ашық университетін «Экономика» мамандығы бойынша (1998 жыл), Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын (2010 жылы), Ресей СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (2011 жылы) бітірген.

Еуразиялық экономикалық комиссияға жұмысқа ауысқанға дейін Ресей Федерациясы Сауда министрлігінің сауда саясаты және көпжақты келіссөздер департаментінде әртүрлі лауазымдарда еңбек етті.

2020 жылғы 1 маусымнан бастап ЕЭК-тің Ішкі нарықты қорғау департаментінің директоры қызметіне тағайындалды.