Экономикалық әлеует

Ресей Федерациясының Президенті
Владимир Путин 

«Біз алдымызға шамшыл міндет қойып отырмыз — Еуразиялық одаққа шығу. Біз қазіргі заманғы әлемнің полюстерінің бірі болуға қабілетті, қуатты ұлттықтан жоғары бірлестік модельін ұсынамыз. 

Табиғи ресурстарын, капиталдарды, күшті адамзат әлеуетін біріктіру Еуразиялық одаққа индустриалды әрі технологиялық бәйгеде, инвесторлар үшін, жаңа жұмыс орындарын және озық өндірістерді құру үшін жарыста бәсекеге қабілетті болу мүмкіндігін береді. Басқа өзекті ойыншылармен және аймақтық құрылымдармен қатар ғаламдық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ету. 

Біздің елдеріміз тек бірге ғана ғаламдық өсу және өркениет прогрессінің көшбасшыларының қатарына кіруге, сәттілікке жетуге және өркендеуге қабілетті».

География

Аумағы: 17,1 млн шаршы км

Халқы: 145,56 млн адам

Астанасы: Мәскеу, 12,6 млн тұрғын

Экономикалық көрсеткіштер

2021 жылы жалпы ішкі өнімнің көлемі ағымдағы бағаларда 131 015 млрд Ресей рублін (1 763,5 млрд АҚШ долларын) құрады. Нақты көлем индексі 2020 жылға қатысты алғанда – 104,7%.

2021 жылы өнеркәсіптік өндірістің көлемі ағымдағы бағаларда 91 640,6 млрд Ресей рублін (1 244,3 млрд АҚШ долларын) құрады. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2020 жылға қатысты алғанда 2021 жылы – 105,3%.

Газ конденсатын қоса, мұнай өндіру 2021 жылы – 524,0 млн тонна, жан басына шаққанда – 3 592,4 кг.

Табиғи газ өндіру 2021 жылы – 763,5 млрд м3, жан басына шаққанда – 5 234,3 м3.

2021 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі ағымдағы бағаларда 7 572 млрд Ресей рублін (102,8 млрд АҚШ долларын) құрады. Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің нақты көлем индексі 2020 жылға қатысты алғанда 99,1% құрады.

Ресей Федерациясының экспорты 2021 жылы 493,3 млрд АҚШ долларын (2020 жылы – 338,6 млрд АҚШ долларын) құрады.

Ресей Федерациясының импорты 2021 жылы 296,0 млрд АҚШ долларын (2020 жылы – 234,0 млрд АҚШ долларын) құрады.

Өнеркәсіптің негізгі салалары

Мұнай және газ өндіру, асыл тастар мен металдарды қайта өңдеу, ұшақ жасау, зымыран-ғарыш өндірісі, атом өнеркәсібі, қару-жарақ және әскери техника өндірісі, электр техникасы, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі, автомобиль өнеркәсібі, көлік, жол және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі.

Қосымша

Аса ірі өзендер, мемлекет аумағы бойынша созылуы, км: Лена – 4337, Енисей (Ангарамен) – 3 844, Волга – 3 694, Обь – 3 676, Амур – 2 855 

Аса ірі көлдер, мың км2: Каспий теңізі – 371, Байкал – 31,5, Ладожское – 17,7, Онежское – 9,7 

Теңіз деңгейінен ең үлкен биіктік: Эльбрус тауы – 5 642 м 

Орташа айлық температура: қаңтар: 0° С, -5° С (Солтүстік Кавказ) бастап -40° С, -50° С дейін (Саха Республикасының шығысы (Якутия); шілде: + 1° С (Сібірдің солтүстік жағалауы) бастап + 24-25° С дейін (Каспий маңы ойпаты)


Беларусь Республикасының Президенті
Александр Лукашенко 

«Белоруссия үшін аса жақын көршілермен терең, өнімді ынтымақтасу табиғи даму жолы болған, бар және болады. Екі референдум абсолютті көпшілікпен билікке ықпалдасу үшін айқын мандат берді. 

Одақты мемлекет шеңберіндегі ықпалдасу атқарымдары оларды аса кең, көп жақты форматты тиімді әрі сеніммен қолдану мүмкіндігін берді. Одақты мемлекет, Кеден одағы, Біртұтас экономикалық кеңістіктің бір-бірін байытып, өзара толықтыруы маңызды. 

Қазіргі таңда біз тағдыр шешті деп аталатын, шешімдерді іске асырудамыз. Ықпалдастықты табанды тереңдету сияқты нақты ниетіміз — кездейсоқ емес. Бұл өмірде болатын манифест тәрізді».

География

Аумағы: 207,6 мың шаршы км

Халқы: 9,26 млн адам

Астанасы: Минск, 2,0 млн тұрғын

Экономикалық көрсеткіштер

2021 жылы жалпы ішкі өнімнің көлемі ағымдағы бағаларда 173 млрд белорус рублін (67,9 млрд АҚШ долларын) құрады. Нақты көлем индексі 2020 жылға қатысты алғанда – 102,3%.

2021 жылы өнеркәсіптік өндірістің көлемі 155,9 млрд белорус рублін (61,4 млрд АҚШ долларын) құрады. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2020 жылға қатысты алғанда 2021 жылы – 106,5%.

Газ конденсатын қоса, мұнай өндіру 2021 жылы – 1,7 млн тонна, жан басына шаққанда – 182,7 кг.

Табиғи газ өндіру 2021 жылы – 0,2 млрд м3, жан басына шаққанда – 21,5 м3.

2021 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі ағымдағы бағаларда 25 млрд белорус рублін (9,8 млрд АҚШ долларын) құрады. Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің нақты көлем индексі 2020 жылға қатысты алғанда 95,8% құрады.

Беларусь Республикасының экспорты 2021 жылы 39,9 млрд АҚШ долларын (2020 жылы – 29,2 млрд АҚШ долларын) құрады.

Беларусь Республикасының импорты 2021 жылы 41,8 млрд АҚШ долларын (2020 жылы – 32,8 млрд АҚШ долларын) құрады.

Өнеркәсіптің негізгі салалары

Металлургия өнеркәсібі, машина жасау, металл өңдеу, химия және мұнай-химия, жеңіл, тамақ өнеркәсібі.


Қосымша

Аса ірі өзендер, мемлекет аумағы бойынша созылуы, км: Днепр –700, Березина – 561, Припять – 495, Сож – 493, Неман – 436, Птичь – 421 

Аса ірі көлдер, км2: Нарочь – 79,6, Освейское – 52,8, Червоное – 40,8, Лукомское – 37,7, Дривяты – 36,1 

Теңіз деңгейінен ең үлкен биіктік: Дзержинский тауы – 345 м Орташа айлық температура: қаңтар: -4,8° С; шілде: +20,6° С


Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаев

«Қазақстан, Ресей мен Белоруссияның Кеден одағы тарихта алғаш рет өзара құрмет, ұлттық өзіндік ерекшелікті сақтау және ортақ болашақтың беріктігін ұғыну негізінде елдеріміздің халқын жақындастырады. 

Кеден одағының біртіндеп Біртұтас экономикалық кеңістікке, ал уақыт өте — Еуразиялық экономикалық одаққа түрленуі халықтарымыздың өркендеуі үшін қуатты түрткі болады, елдерімізді ғаламдық әлемдегі жетекші ұстанымдарға шығарады. 

Біз барлығымыз, ортақ бай өткен шақ тәжірибесі ғана емес, бөлінбейтін ортақ болашақ тарихы бар, жаңа бірегей еуразиялық ұлттар қауымдастығы құрылуының куәгерлері болып табыламыз».

География

Аумағы: 2 724,9 мың шаршы км

Халқы: 19,12 млн адам

Астанасы: Астана, 1,2 млн тұрғын

Экономикалық көрсеткіштер

2021 жылы жалпы ішкі өнімнің көлемі ағымдағы бағаларда 82 208 млрд теңге (190,4 млрд АҚШ долларын) құрады. Нақты көлем индексі 2020 жылға қатысты алғанда – 104,1%.

2021 жылы өнеркәсіптік өндірістің көлемі 37 047,6 млрд теңге (87,0 млрд АҚШ долларын) құрады. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2020 жылға қатысты алғанда 2021 жылы – 103,8%.

Газ конденсатын қоса, мұнай өндіру 2021 жылы – 85,7 млн тонна, жан басына шаққанда – 4 509,9 кг.

Табиғи газ өндіру 2021 жылы – 54,3 млрд м3, жан басына шаққанда – 2 857,5 м3.

2021 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі ағымдағы бағаларда 7 550 млрд теңге (17,7 млрд АҚШ долларын) құрады. Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің нақты көлем индексі 2020 жылға қатысты алғанда 97,8% құрады.

Қазақстан Республикасының экспорты 2021 жылы 60,3 млрд АҚШ долларын (2020 жылы – 47,5 млрд АҚШ долларын) құрады.

Қазақстан Республикасының импорты 2021 жылы 41,2 млрд АҚШ долларын (2020 жылы – 38,9 млрд АҚШ долларын) құрады.

Қосымша

Аса ірі өзендер, мемлекет аумағы бойынша созылуы, км: Ертіс– 1 698, Есіл (Ішім) – 1 400, Сырдария – 1 400, Жайық (Орал) – 1 082 

Аса ірі көлдер, мың км2: Каспий теңізі – 371, Арал теңізі – 41,0, Балқаш – 18,2 

Теңіз деңгейінен ең үлкен биіктігі: Хан Тәңірі шыңы (Сарыжаз жотасы) – 6 995 м 

Орташа айлық температура: қаңтар: -1,4° С (оңтүстікте) бастап -24,6° С (солтүстікте) дейін, шілде: +18,1° С (солтүстікте) бастап +30,6° С (оңтүстікте) дейін


Қырғыз Республикасының Президенті
Садыр Жапаров

Жағрафия

Аумағы: 199,9 мың шаршы км

Халқы: 6,75 млн адам

Астанасы: Бішкек, 1,1 млн тұрғын

Экономикалық көрсеткіштер

2021 жылы жалпы ішкі өнімнің көлемі ағымдағы бағаларда 723 млрд сом (8,5 млрд АҚШ долларын) құрады. Нақты көлем индексі 2020 жылға қатысты алғанда – 103,6%.

2021 жылы өнеркәсіптік өндірістің көлемі 357,2 млрд сом (4,2 млрд АҚШ долларын) құрады. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2020 жылға қатысты алғанда 2021 жылы – 109,0%.

Газ конденсатын қоса, мұнай өндіру 2021 жылы – 0,3 млн тонна, жан басына шаққанда – 44,8 кг.


Табиғи газ өндіру 2021 жылы – 0,02 млрд м3, жан басына шаққанда – 3,0 м3.

2021 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі ағымдағы бағаларда 324 млрд сом (3,8 млрд АҚШ долларын) құрады. Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің нақты көлем индексі 2020 жылға қатысты алғанда 95,0% құрады.

Қырғыз Республикасының экспорты 2021 жылы 1,7 млрд АҚШ долларын (2020 жылы – 2,0 млрд АҚШ долларын) құрады.

Қырғыз Республикасының импорты 2021 жылы 5,6 млрд АҚШ долларын (2020 жылы – 3,7 млрд АҚШ долларын) құрады.

Өнеркәсіптің негізгі салалары

Ауыл шаруашылығы, гидроэнергетика,түсті металлургия, кен-руда өнеркәсібі, машина жасау, аспап жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі.

Қосымша

Ең ірі өзендер, мемлекеттің аумағындағы ұзындығы, км: Шу - 1300 

Ең ірі көлдер, мың км2: Ыстықкөл - 6 

Теңіздің деңгейінен ең биік нүкте: Победа шыңы - 7 439 м 

Орташа айлық температура: 
қаңтар: -2,2° С бастап -29,1° С дейін 
шілде: +4,1° С бастап +26,8° С дейін


Армения Республикасының Премьер-Министрі
Николя Пашинян 

Біз тауарлардың, қызметтердің, жұмыс күшінің және капиталдың еркін қозғалысына іс-жүзінде қол жеткізу, сондай-ақ Одақтың құқығымен регламенттелген экономикалық ынтымақтастықтың артықшылық режимдерін енгізу мүдделерінде ЕАЭО бойынша серіктестермен белсенді өзара әрекеттесуге ниеттіміз.».

География

Аумағы: 29,7 мың шаршы км

Халқы: 2,96 млн адам

Астанасы: Ереван, 1,1 млн тұрғын

Экономикалық көрсеткіштер

2021 жылы жалпы ішкі өнім көлемі ағымдағы бағаларда 6 983 млрд драм (14,5 млрд АҚШ долларын) құрады. Нақты көлем индексі 2020 жылға қатысты алғанда – 105,7%.

2021 жылы өнеркәсіптік өндірістің көлемі 2 385,9 млрд драм (4,7 млрд АҚШ долларын) құрады. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2020 жылға қарағанда 2021 жылы – 103,3%.

2021 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі ағымдағы бағаларда 977 млрд драм (1,9 млрд АҚШ долларын) құрады. Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің нақты көлем индексі 2020 жылға қатысты алғанда 99,0% құрады.

Армения Республикасының экспорты[1] 2021 жылы 3,0 млрд АҚШ долларын (2020 жылы – 2,5 млрд АҚШ долларын) құрады.

Армения Республикасының 1импорты 2021 жылы 5,4 млрд АҚШ долларын (2020 жылы – 4,6 млрд АҚШ долларын) құрады.

[1] 2021 жыл ішіндегі экспорт (импорт) бойынша осы және бұдан кейінгі деректер – жедел деректер.

Негізгі өнеркәсіп салалары

Сыртқы сауда көлемі (ағымды бағалармен) 2010 жылғы 4,7 млрд. АҚШ долларынан 2014 жылғы 5,9 млрд. АҚШ долларына дейін көбейді, соның ішінде экспорт – 1 бастап 1,5 млрд. АҚШ долларына дейін, импорт – 3,7 бастап 4,4 млрд. АҚШ долларына дейін.