1985 жылы Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласында дүниеге келген.
2007 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік университетін «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша, ал 2017 жылы Қырғыз Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандығы бойынша магистратураны бітірген. 2023 жылы экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын Қырғыз Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінде 2008 жылдан бастап 2010 жылға дейін ведомстводағы жұмысынан бастады.
2011-2014 жылдары бизнес-секторда жұмыс істеді.
2014 жылдан бастап 2017 жылға дейін Қырғыз Республикасы Үкіметінің аппаратында жұмыс істеді.
2018-2022 жылдары Қырғыз Республикасы Экономика министрінің орынбасары қызметін атқарды.
2022-2023 жылдары – Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің Еуразиялық экономикалық одақ істері жөніндегі бөлімінің меңгерушісі.
2023 жылғы 1 наурыздан бастап 2024 жылғы қыркүйекке дейінгі аралықта Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі қызметін атқарды.
2024 жылғы 12 қыркүйектен бастап ЕЭК-тің Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі болып тағайындалды.
Бірқатар ведомстволық наградалары бар.
3-сыныпты мемлекеттік азаматтық қызметтің мемлекеттік кеңесшісі.
Үйленген, үш бала тәрбиелеуде.