Барсегян Гоар Ашотовна

Барсегян Гоар Ашотовна
Өмірбаян

Армения Республикасының Ереван қаласында туған.

Ереван мемлекеттік университетінің халықаралық қатынастар факультетін бітіріп, «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін (2007 жыл) және «халықаралық құқық» мамандығы бойынша магистр дәрежесін (2009 жыл) алды.

2011 жылы Вена Дипломатиялық академиясын (Австрия) бітірді.

2009-2014 жылдары Армения Республикасы Үкіметі Аппаратының Сыртқы байланыс департаментінде жұмыс істеді. Армян-Ресей қарым-қатынастарын үйлестіруге жауапты болды, Армения Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының құрамына кірді.

2014-2015 жылдары Армения Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының Сыртқы байланыс департаменті директорының орынбасары болып істеді.

2015-2016 жылдары – Армения Республикасының Халықаралық экономикалық интеграция және реформалар министрлігінде кеңесші болып істеді, онда Армения Республикасының ЕАЭО-мен өзара іс-қимылы жөніндегі жұмысты үйлестіруге жауапты болды.

2016-2017 жылдары – Армения Республикасының вице-премьер-министрінің, Халықаралық экономикалық интеграция және реформалар министрінің көмекшісі, ЕАЭО мәселелері бойынша Армения Республикасының ұлттық үйлестірушісі.

2017-2020 жылдары – Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграцияны дамыту департаменті директорының орынбасары.

2020-2024 жылдары – Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграцияны дамыту департаментінің директоры болды.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі болып тағайындалды.