Ермолович Максим Леонидович

Ермолович Максим Леонидович
Өмірбаян

1977 жылы 26 маусымда Беларусь Республикасының Витебск облысындағы Лепель қаласында туған.

Полоцк мемлекеттік университетін және Беларусь Республикасының Президенті жанындағы Басқару академиясын бітірген.

1999 жылы Минск қаласының Фрунзе ауданы бойынша Мемлекеттік салық комитетінің № 2 инспекциясының мемлекеттік салық инспекторы болып жұмыс істеді.

1999 жылдың шілде айынан бастап 2002 жылға дейін Беларусь Мемлекеттік салық комитетінде (қазір Салық және алымдар министрлігі) әртүрлі лауазымда қызмет атқарды.

2002-2011 жылдары Беларусь Республикасының Қаржы министрлігінде әртүрлі лауазымда қызмет атқарды: бюджет кірістерін талдау және жоспарлау басқармасының консультанты, басқарма бастығының орынбасары – салық саясаты және бюджет кірістері бас басқармасының бюджет кірістерін жоспарлау және есепке алу бөлімінің бастығы, бюджет саясаты бас басқармасының бастығы болды.

2011-2014 жылдары – Беларусь Республикасы Қаржы министрінің орынбасары.

2014-2018 жылдары – Беларусь Республикасы Қаржы министрінің бірінші орынбасары.

2018 жылғы 31 тамызда Беларусь Республикасының Қаржы министрі болып тағайындалды.

2020 жылғы 20 шілдеде Беларусь Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі әрі Беларусь Республикасының Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы болып тағайындалды.

2022 жылғы 1 тамыздан бастап – Беларусь Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі лауазымына тағайындалды.