Жаңалықтар

04.03.2016 (Обновлено: 28.06.2019 23:25)

ЕЭК Қосарланған салық салуды болдырмау туралы ресейлік-қазақстандық конвенцияның қолданылу мәселелерін түсіндіреді

Еуразиялық экономикалық комиссияға Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы қосарланған салық салуды жою және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтарудың алдын алу туралы конвенция нормаларының қолданылуына сәйкес салықтық резиденттілікті растау бөлігіндегі қалыптасқан жағдай туралы салық төлеушілерден көптеген өтініштер келіп түсіп жатады.​ Еуразиялық экономикалық комиссияға Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы қосарланған салық салуды жою және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтарудың алдын алу туралы конвенция нормаларының қолданылуына сәйкес салықтық резиденттілікті растау бөлігіндегі қалыптасқан жағдай туралы салық төлеушілерден көптеген өтініштер келіп түсіп жатады. Құжаттарды заңдастыру мәселесі Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің әділет министрліктерінің құзыретіне жатқызылатындығын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әділет министрліктеріне тиісті сұраулар жіберді. ЕЭК сұрауларына жауап ретінде РФ Әділет министрлігінен бұл мәселені Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының құзыретті органдары екіжақты форматта шешіп жатқандығы туралы 2015 жылғы 17 наурыздағы № 06-20137/15 және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен бұл мәселе Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Ресей Федерациясының әділет министрлігі арасында қаралып жатқандығы туралы 2015 жылғы 11 наурыздағы № 20-1-4/9098 хаттар келіп түскен. Бүгінгі таңда Ресей Федерациясының Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы қосарланған салық салуды жою және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтарудың алдын алу туралы конвенцияның шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының органдары берген резиденттілікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы келісімнің жобасы әзірленді. Бұдан басқа, ресейлік Тарап қазіргі уақытта, Ресей Федерациясы Үкіметінің «ҚРҮ мен РФҮ арасындағы қосарланған салық салуды жою және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтарудың алдын алу туралы конвенцияның шеңберінде ҚР мен РФ органдары берген резиденттілікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы келісімді ноталар алмасу жолымен жасасу туралы» 2015 жылғы 8 тамыздағы № 1531-ө өкімі қабылданғаны жайлы хабарлады. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2015 жылғы 29 қазанда осыған№ 863  ұқсас қаулыны қабылдады. Соған сәйкес, ҚР Сыртқы істер министрлігіне ҚРҮ мен РФҮ арасындағы қосарланған салық салуды жою және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтарудың алдын алу туралы конвенцияның шеңберінде ҚР мен РФ органдары берген резиденттілікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы келісімді ноталар алмасу нысанында қол қоюға тапсырма берілген. Сөйтіп, таяу уақытта, дипломатиялық ноталар алмасу жолымен, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы қосарланған салық салуды жою және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтарудың алдын алу туралы конвенцияның шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының органдары берген резиденттілікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы келісім жасалатын болады. Қосарланған салық салуды жою және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтарудың алдын алу туралы конвенция екіжақты тәртіппен жасалғанын және оған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдары ғана түсінік бере алатындығын айта кеткен жөн. Бұл ретте, ЕАЭО туралы шартта заңдастырусыз (апостильдеу) салық резиденттілігін растайтын ресми құжаттардың түпнұсқаларын тану бойынша Комиссияның өкілеттігі көзделмеген.