Жаңалықтар

24.10.2019

ЕЭК пен Африка одағы Комиссиясы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

24 қазанда Сочиде өткен «Ресей-Африка» саммитінде Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) мен Африка одағы Комиссиясы (AОК) арасындағы экономикалық ынтымақтастық саласындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян және АОК Төрағасы Муса Факи Махамат қол қойды. 24 қазанда Сочиде өткен «Ресей-Африка» саммитінде Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) мен Африка одағы Комиссиясы (AОК) арасындағы экономикалық ынтымақтастық саласындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян және АОК Төрағасы Муса Факи Махамат қол қойды.   ​Салтанатты рәсімге Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин және Мысыр Араб Республикасының Президенті, Африка одағының Төрағасы Абдель Фаттах Аль-Сиси қатысты.   Тараптар инфрақұрылым және ауыл шаруашылығы, сауда, инвестициялар мен кәсіпкерлікті дамыту, өңірлік экономикалық интеграция және өзара қызығушылық тудыратын басқа да салалардағы ынтымақтастыққа ниетті. Меморандумға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) және Африка елдерінің іскер топтары үшін іс-шараларға бағытталған бірлескен ынтымақтастық жоспары жасалады.   «Біз Африка интеграциялық бірлестіктерімен ынтымақтастық орнатуға тырысамыз. Африкадағы өңірлік ұйымдардың басшыларымен және ЕЭК Алқасының Төрағасымен кездесуде Африканың интеграциялық құрылымдары мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы ынтымақтастықтың болашағы перспективалары талқыланды. Жақында Еуразиялық экономикалық комиссия мен Африка одағы Комиссиясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Біз сауда және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі белсенді түрде арттыруға ниеттіміз», - деп мәлімдеді Владимир Путин құжатқа қол қою қорытындысында.   Меморандум жасау идеясын ЕЭК 2016 жылы Африка одағы серіктестеріне ұсынған. 2019 жылы Ресейде 35-тен астам Африка елшіліктерінің өкілдері қатысқан «ЕАЭО – Африка» конференциясының, сондай-ақ көп жағдайда ЕЭК делегациясының Африка одағы Комиссиясының штаб-пәтеріне баруының арқасында меморандумға келісу процесіне жаңа серпін беру мүмкін болды.   EЭК өңірлік интеграциялық бірлестіктермен, соның ішінде АСЕАН, МЕРКОСУР, Анд бірлестіктерімен, сондай-ақ бірқатар бейінді халықаралық құрылымдармен диалогты тізбектеп дамытуда. Африка одағымен жасалған меморандум ЕАЭО халықаралық қатынастарды өңірлік интеграциялық бірлестіктермен дамытудағы маңызды кезең болды. Анықтама   Африка одағы - бұл халықаралық үкіметаралық ұйым, Африка 1 миллиардқа жуық халқы бар 55 мемлекетті біріктіреді. Африка одағы Комиссиясы - Эфиопия астанасы Аддис-Абебеде орналасқан оның өкілетті органы болып табылады.   2010 жылдан бастап ЕАЭО-ның Африка мемлекеттерімен тауар айналысы 2,7 есеге дерлік артып, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 21,7 млрд АҚШ долларға жетті. ЕАЭО елдерінің Африкаға экспортының 80%-дан астамы бес елге тиесілі: Алжир, Мысыр, Марокко, Нигерия және Тунис.   Меморандумдар түрінде ЕЭК оннан астам елдің үкіметтерімен: Чили, Перу, Моңғолия, Сингапур, Камбоджа, Марокко, Иордания, Фарер аралдары, Куба, Таиланд, Бангладеш және Молдова, сондай-ақ Греция үкіметімен - декларация форматында ынтымақтасады.​