Жаңалықтар

03.03.2023

ЕАЭО елдерінің аграрлық жоғары оқу орындары селекция және тұқым шаруашылығы бойынша мамандар даярлайды

2 наурызда Еуразиялық экономикалық комиссияның агроөнеркәсіптік блогының және ЕАЭО елдері жоғары оқу орындары басшылығы өкілдерінің қатысуымен "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі селекция мен тұқым шаруашылығының заманауи жай-күйі және әдістері" бірлескен білім беру онлайн-курсы ашылды.

Білім беру курсын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен үшін кадрлар даярлау саласындағы өзара іс-қимылын дамыту жөніндегі меморандумын іске асыру шеңберінде ЕЭК агроөнеркәсіптік блогының үйлестіруімен мүдделі жоғары оқу орындары ұйымдастырды.

"ЕЭК агроөнеркәсіптік блогы аграрлық білім берудің беделін арттыруға және жас ұрпақтың бойында бизнестің практикалық қажеттілігіне бағдарланған озық дағдылар мен білімнің қалыптасуына мүдделі. Саланы өзіндік екпе материалдарымен қамтамасыз ету үшін біздің елдерімізде бәсекеге қабілетті селекционерлер мен тұқым өсірушілерді даярлаған маңызды", — деп атап өтті Комиссияның Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Армен Арутюнян ілтифат лебізін білдіре келіп.

Білім беру курсына ЕАЭО-ның төрт елінің бес жоғары оқу орнынан 100-ден астам студент қатысады. Оқу процесінде студенттер тұқым шаруашылығының заңнамалық базасының ерекшеліктері және Одақ мемлекеттері үшін бірыңғай сыналтымдау және топырақты бақылау әдістемелері туралы білім алады, сондай-ақ өсімдік шаруашылығындағы биотехнологиялық әдістер, вируссыз екпе материалдар алу мүмкіндіктері мен басқа да қызықты фактілер туралы оқып біледі.

Студенттерді Еуразиялық экономикалық одақтағы тұқым шаруашылығын ұлтүсті реттеудің ағымдағы жай-күйі және мәселелерімен таныстыра отырып, алғашқы лекцияны ЕЭК Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің бөлім бастығы Андрей Дробышевский оқыды.

Курс тақырыбының өзектілігі ауыл шаруашылығы дақылдарының жекелеген түрлерінің тұқымына айтарлықтай импорттық тәуелділік болуына негізделген. ЕАЭО елдерінің тұқым әкелуге жұмсайтын жыл сайынғы шығыстары 1 млрд долл. астам немесе өсімдік шаруашылығы үшін әкелінетін материалдық-техникалық ресурстардың 30%-ын құрайды. Одақта ауыл шарашылығы өсімдіктері тұқымына жұмсалған неғұрлым жоғары шығын 2021 жылы күнбағыс бойынша 268 млн долл., жүгері мен көкөніс дақылдары бойынша 158 млн долл., сондай-ақ қант қызылшасы бойынша 124 млн долл. шамасында байқалды. Бұл ретте ЕАЭО-ға шетелден әкелінген тұқымның пайдалану үлесі қант қызылшасы бойынша 90 %-дан астам, күнбағыс бойынша 60 %, жүгері мен рапс бойынша үштен бірінен астам бағаланады.

Анықтама

Онлайн-білім беру курсына қатысушы жоғары оқу орындары — Арменияның Ұлттық аграрлық университеті, Октябрь Революциясы және Еңбек Қызыл Ту орденді Беларусь мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясы, К.И. Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университеті, сондай-ақ император Петр I атындағы Воронеж мемлекеттік аграрлық университеті және Ресей мемлекеттік аграрлық университеті - К.А.Тимирязев атындағы МАША.