Жаңалықтар

15.03.2023 (Обновлено: 16.03.2023 16:53)

Техникалық құралдардың төмен вольтты жабдықтары мен электромагниттік үйлесімділігіне арналған техрегламенттердің өнімдер тізбесі өзектендірілді

Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы өнім тізбесіне өзгерістер енгізді, оған қатысты кедендік декларацияны беру Одақтың «Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» және «Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі» техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжатты ұсынумен сүйемелденеді.

Өнім тізбелері ЕЭК Кеңесінің 2022 жылғы 10 маусымдағы № 90 және 2022 жылғы 10 маусымдағы № 91 шешімдерімен техрегламенттерге енгізілген өзгертулерге сәйкес түзетілді. Сондай-ақ, барлық өнім түрлері үшін тізбелерде ЕАЭО СЭҚ ТН 10 таңбалы кодтары белгіленген.

Өзгертулер ЕЭК Алқасының тиісті шешімдері ресми жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.