Жаңалықтар

11.05.2023

Одақтың «Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» техрегламентінің стандарттар тізбесі өзектендірілді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Кеден одағының «Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті стандарттарының жаңартылған редакциядағы тізбесін бекітті.


Стандарттар тізбесін жаңарту өнімнің «Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» техрегламентінің талаптарына сәйкестігін растау кезінде стандарттардың өзекті нұсқаларын қолдану жағдайларын жасауға және оларды әзірлеуге және қолданысқа енгізуге қарай ұлттық стандарттардан мемлекетаралық стандарттарға жоспарлы түрде ауысуға бағытталған.

Талаптарды қамтитын стандарттар тізбесіне 167 мемлекетаралық және 12 ұлттық стандарттар енгізілген. Сынақ әдістерін қамтитын стандарттар тізбесінде – 174 мемлекетаралық стандарт және 9 ұлттық стандарт бар.

Жекелеген мемлекетаралық және ұлттық стандарттарға қатысты өтпелі кезең белгіленді.

Стандарттардың өзектендірілген тізбелерін қолдануға бейімделу, сондай-ақ сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу мақсатында Комиссия алқасының шешімі ресми жарияланған күннен бастап 180 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.