Ерікті негізде қолданылатын және техрегламентті сақтауды қамтамасыз ететін стандарттар тізбесіне 14 стандарт (олардың сегізі – жаңа құжаттар) кірістірілген. Зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдердің қағидалары мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттар тізбесіне 100 құжат (олардың 45-і – жаңа құжаттар) кірістірілген.
Стандарттар тізбесін ЕЭК Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік органдарымен бірлесіп, сарапшылар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерін қатыстыра отырып әзірледі және олар техрегламентке мемлекетаралық стандарттар әзірлеу бағдарламасына сәйкес әзірленген жаңа және қайта қаралған мемлекетаралық стандарттарды қамтиды.
Тізбеге бірінші рет кірістірілген стандарттар мен әдістемелерді ескере отырып, сынақ зертханаларын дер кезінде аккредиттеу мақсатында ЕЭК Алқасының шешімі 2022 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.