Жаңалықтар

08.09.2022 (Обновлено: 15.09.2022 11:43)

Арзыбек Кожошев пен Болат Ақшолақов энергетиканың өзекті мәселелерін талқылады

Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев пен Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың жұмыс кездесуінде ЕАЭО-ның ортақ энергия ресурстарын қалыптастыру мәселелері қаралды. Келіссөздер 8 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда (Қазақстан Республикасы) өтті.

Арзыбек Кожошев ортақ энергия ресурстары нарықтарының қалған реттелмеген мәселелері бойынша өзара қолайлы шешімдерді бірлесіп талқылау мен тұжырымдау қажеттігін атап өтті. "Бұл ретте барлық Еуразиялық "бестік" елдері мүдделерінің теңгерімділігін сақтау өте маңызды", – деп көрсетті ол.

Министрлер Одақтың ортақ мұнай және мұнай өнімдері нарықтарындағы мемлекетаралық тасымалдау мәселесін нысаналы талқылады, оның маңыздылығы мұнай және мұнай өнімдерін трансшекаралық тасымалдау ерекшелігіне негізделген, бұл Одаққа мүше мемлекеттермен ортақ шекарасы жоқ Армения Республикасы үшін әсіресе өзекті.

Бұдан басқа, министрлер шаруашылық жүргізуші субъектілердің газ үшін есеп айырысуы кезінде ұлттық валюталарды қолдану мүмкіндігіне, ерікті негізде Одақтың ортақ газ нарығы шеңберінде "ал немесе төле", "тасымалда немесе төле" қағидаттарына, газдың өзіндік ресурстарын бірінші кезекте пайдалануға, сондай-ақ құжат айналымын жүргізуге байланысты Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастырудың қағидатты мәселелерін талқылауды жалғастырды.

Келіссөздер барысында ортақ электр энергетикасы нарығында жедел келісімшарттар бойынша және тәулік алғы электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру тапсырылатын сауда алаңдарын (операторларды) таңдау мәселесі бойынша пікір алмасылды

Кеңес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 23 қыркүйекте Мәскеуде болатын, мұнай мен газ жөніндегі халықаралық шарттар мәселесін қарау, сондай-ақ электр энергиясының орталықтандырылған саудасының операторларын айқындау мәселелерін қарау жоспарланған отырысына дайындық шеңберінде өткізілді.

Сондай-ақ Арзыбек Кожошев пен Энергетика департаментінің директоры Вадим Закревский сапар шеңберінде "Қазақстандық электр энергиясы және қуаттар нарығының операторы" акционерлік қоғамында болып, Қазақстандағы электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру қағидаттарымен танысты. Бұл сауда алаңын республика ЕАЭО-ның ортақ электр энергетикасы нарығындағы орталықтандырылған сауданың операторы ретінде ұсынады.