Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесінің өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік кеңес жанындағы интеграцияны дамытудың негізгі бағыттары жөніндегі жұмыс тобының отырысында ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев 2025-Стратегиясын іске асырудың алғашқы нәтижелері және бизнес үшін, соның ішінде санкциялық қысым жағдайында ашылған мүмкіндіктер туралы айтып берді.
«Ағымдағы шын жәйіт 2025-Стратегиясына кірген, импорт алмастыруға, ұлттық валюталарда есеп айырысуға көшуге, инфрақұрылымға, өнеркәсіптік ынтымақтастыққа, ЕАЭО-да қосылған құн тізбегін құруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты іс-шараларды іске асыру қажеттігін растайды. Экономикалардың орнықтылығын арттыру жөніндегі тізбенің бүгінгі таңда іске асырылып жатқан көптеген шарасы 2025-Стратегиясының ережелерімен өзара байланысты», – деп атап көрсетті Сергей Глазьев.
Сергей Глазьев кәсіпкерлік қоғамдастыққа осы жұмысқа қосылуды ұсынды. Іс-шара қорытындысы бойынша бизнес-қауымдастықтардың 2025-Стратегиясын іске асыру және Одақты ағымдағы жағдайларда әрі 2025 жылдан кейін дамытудың мәселелері бойынша Комиссияға өзектілендірілген ұсыныстар жіберетіндігі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.