28 қарашада Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепневтің Тунис Республикасының Сауда және экспортты дамыту министрі Самир Абидпен кездесуі болып өтті.
"Еуразиялық экономикалық одақ Африкамен өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға көп көңіл бөледі және пұрсаттылықты сауда режимі белгіленген өңір елдерінің санын кеңейтудің перспективаларын көріп отыр. Біз мемлекеттеріміздің арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше мән бере отырып, Тунис Республикасын басымдықты әріптестердің бірі ретінде қарастырамыз", – деп атап өтті Андрей Слепнев.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ЕАЭО мен Тунис арасында еркін сауда туралы келісім жасасудың орындылығын зерделеу үшін бірлескен зерттеу тобын құру процесіне бастамашылық жасауға уағдаласты.