Жаңалықтар

13.10.2022

Андрей Слепнев пен Вьетнамның Өнеркәсіп және сауда министрі Нгуен Хонг Зиен Еркін сауда туралы келісімді іске асыру кезіндегі практикалық мәселелерді шешудің биік прогресін атап өтті

Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында ЕАЭО мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы Еркін сауда туралы келісімге сәйкес белгіленген Бірлескен комитеттің төртінші отырысы болып өтті. Кездесу ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев пен Вьетнамның Өнеркәсіп және сауда министрі Нгуен Хонг Зиеннің төрағалық етуімен өтті.

«Вьетнам біз үшін уақытпен тексерілген әріптес болып табылады, өйткені дәл осы елмен Еуразиялық экономикалық одақтың еркін сауда туралы бірінші келісімі жасасылды. Міне алты жылдан бері осы құжаттың базасында біз сауда-экономикалық ынтымақтастығымызды дамытып келеміз, соның арқасында өзара сауда айналымын елеулі түрде өсіре алдық», — деп атап өтті сөз сөйлеу барысында Андрей Слепнев.«Вьетнам біз үшін уақытпен тексерілген әріптес болып табылады, өйткені дәл осы елмен Еуразиялық экономикалық одақтың еркін сауда туралы бірінші келісімі жасасылды. Міне алты жылдан бері осы құжаттың базасында біз сауда-экономикалық ынтымақтастығымызды дамытып келеміз, соның арқасында өзара сауда айналымын елеулі түрде өсіре алдық», — деп атап өтті сөз сөйлеу барысында Андрей Слепнев.

Оның сөзінше, 2021 жылы өзара сауда көлемі 7,8 млрд долл., жетті, бұл 2020 жылғы нәтижелерден 25% жоғары. Бұл ретте ЕАЭО экспорты 36% өсті, импорт 21% артты. Тұтастай алғанда Еркін сауда туралы келісімді іске асырған алғашқы бес жылдың қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақ пен Вьетнамның арасындағы тауар айналымының өсуі 32,2% құрады.

Өз кезегінде Нгуен Хонг Зиен сауда-экономикалық өзара іс-қимылды одан әрі арттыру үшін сақталып отырған үлкен әлеуетке сенімділік білдірді. Министрдің пікірінше, Вьетнам мен ЕАЭО-ның жұмыс органдарының отырыстары барысында уағдаластықтар келісімді жаңа сапалық деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты тараптар келісімді дамыту, атап айтқанда, коньяк өнімі және басқалар сияқты тауарларды бір бірінің нарығына жеткізуді кеңейту жөнінде сөз байласты.

Отырыстың қорытынды хаттамасында Вьетнам тарапының ЕАЭО елдерінің өз аумағына бидайдың экспортын өсіру бөлігіндегі мәселені пысықтауға дайындықты білдірді, сондай-ақ әріптестердің сүйексіз сиыр етінің жеткізілімін сертификаттау процесін аяқтау үшін ветеринариялық инспекторлар сапарын ұйымдастыру ниеті расталды.

Тауарлардың шығарылған жерін айқындаудың айрықша критерийлерінің өзектілендірілген тізбесі және шығарылған жерін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі шеңберінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Вьетнам арасындағы ақпаратты электрондық алмасу туралы хаттаманың жобасы мақұлданды.

Қорытындысында Бірлескен комитеттің қатысушылары климаттық күн тәртібі шеңберінде тәжірибе алмасу және таңдаулы технологияларға қол жеткізу сияқты ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын сөз етті.

Анықтама

 Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге 2015 жылғы 29 мамырда қол қойылды және 2016 жылғы 5 қазанда күшіне енді. Құжат қатысушылардың келісім бойынша әріптес елдердің тауарлар мен көрсетілетін қызметтер жеткізушілері үшін өзара сауда шеңберінде өз нарықтарына қол жеткізу бөлігіндегі өзара міндеттемелерін бекітеді.