Жаңалықтар

02.07.2024

Андрей Слепнев: «Моңғолиямен уақытша сауда келісімін жасасу туралы келіссөздер субстантивті аяқталды»

Ұлан-Батырда өтіп жатқан Еуразиялық экономикалық одақ және оған мүше мемлекеттер мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін жасасу туралы келіссөздердің бірінші раунды кезінде-ақ тараптар олардың субстантивті аяқталғанын айтты.

Бұл тауарлардың шектеулі тобы бойынша баждарды азайту немесе нөлге түсіру туралы уағдаластықтарды қоса, құжат жобасының рекордтық мерзімде дайындалуы арқасында мүмкін болды.

«ЕАЭО мен Моңғолия арасында уақытша сауда келісімін жасасу арқылы ынтымақтастықты кеңейту стратегиялық маңызға ие, өйткені бұл өнім экспортын өзара ұлғайту, сауданы әртараптандыру және бір-бірінің нарықтарындағы тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қосымша ынталандыру жасауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, біз Одақ елдері мен Моңғолияның өңірлік және жаһандық қосылған құн тізбегінде бұдан да тығыз интеграциясын күтеміз», — деп мәлімдеді ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.

Тараптар ағымдағы жылдың аяғына дейін келісімге қол қоюға ұмтылыс білдірді.

2024 жылғы 8 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес Моңғолиямен уақытша сауда келісімін жасасу жөніндегі келіссөздерді бастау туралы шешім қабылдады.