"Бұл раундқа үлкен мән беріп отырмыз, өйткені ол белгілі бір мағынада шешуші бола алады. Түйінді мәселе бойынша - импорттық баждарды өзара азайту параметрлері туралы, сондай-ақ келісім жобасының түпкілікті мәтінін дайындау жөнінде елеулі ілгерілеуге үміттенеміз", - деп атап көрсетті Андрей Слепнев.
Оның сөзінше, бүгінде Еуразиялық экономикалық одақта Мысырдағы Ресей өнеркәсіптік аймағының жобасына көп назар аударылуда. Бұл ретте жобаға Ресей Федерациясының компаниялары ғана емес, ЕАЭО-ның басқа мемлекеттері де қызығушылық танытуда. "Болашақта Беларусьтың, Қазақстанның және Одақтың басқа да елдерінің кәсіпорындары аймақтың резиденттері болатынына сенімдімін",- деп мәлімдеді Андрей Слепнев.
Сөзінің соңында министр Мысырдың Сауда және өнеркәсіп министрі лауазымына таяуда тағайындалған Ахмед Самир Салехпен ағымдағы жылдың аяғына дейін жеке кездесу өткізуге мүдделілігін растады. Келіссөздердің алда тұрған раундын аяқтаудың жай-жапсарын келісуге уағдаласты.