Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы ҚХР мен Малайзиядан шығатын тот баспайтын болаттан жасалған суықтай деформацияланған жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы бажды қоса алғанда 2024 жылғы 5 наурызға дейін ұзартты.
Қолданылатын шара мерзімі 2023 жылғы 11 желтоқсанда аяқталуға тиіс болатын. Алайда ЕЭК Ішкі нарықты қорғау департаментінің атына өтініш келіп түсіп, оны қарау нәтижелері бойынша 2023 жылғы 6 наурызда демпингке қарсы қайталап тергеп-тексеру басталды.
ЕЭК сауда блогында: «ЕАЭО нормативтік базасында қолданыстағы демпингке қарсы шараны қолдану мерзімін қайталап тергеп-тексеру өткізу кезеңіне ұзарту көзделген, ол басталған күнінен бастап 12 ай ішінде аяқталуға тиіс» екендігін еске салды.
ҚХР-дан шығатын тот баспайтын болаттан жасалған суықтай деформацияланған жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы баж 2013 жылы кедендік құнның 19,15%-ы мөлшерінде белгіленді. 2017 жылы бұл шара Малайзияға да қолданылып, 2018 жылы тағы бес жылға ұзартылды.