Жаңалықтар

15.11.2022

Арзыбек Кожошев: «"Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізі жаңа логистиканың түйінді буыны болады»

ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев Мәскеуде 14-17 қарашада өтіп жатқан жыл сайынғы "Көлік аптасы" халықаралық форумының ашылуына қатысты. Іс-шараның іскерлік бағдарламасы Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшесі, Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустиннің қатысуымен "Ресей көлігі. Жаңа жағдайлардағы өсу стратегиясы" жалпы пікірсайысынан басталды.
Арзыбек Кожошев қазіргі уақытта "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізі бойынша тасымал кезіндегі қиындықтарды айтып өтті. Дәліздің әлеуетін толық ашуға дәліздің жекелеген маршруттарында темір жолдың аяқталмаған учаскелерінің болуы, сондай-ақ жүктерді тасымалдауды дамытуға және олардың көлемін ұлғайтуға кедергі келтіретін жерүсті, портты және логистикалық инфрақұрылымның осал жерлері кедергі болады.

Сонымен бірге, ЕАЭО елдерінде мұндай бағыттың перспективалы екен түсіну бар, қазіргі бар проблемаларды шешуге бағытталған іс-қимыл жасалуда.

Бұл ретте "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізін дамыту жаңа логистиканың түйінді буыны болып отыр, деп санайды Арзыбек Кожошев. Мұндай дәліздің артықшылығы мен мүмкіндігіне қарамастан, бұл бағыттың әлеуеті әлі толық шамасында ашылған жоқ.

Пікірсайысқа қатысушылар қалыптасқан көлік-логистика тізбектерін қайта құруды және "Солтүстік-Оңтүстік", "Шығыс дәлізі" және Азов-Қара теңіз бағыттарындағы маршруттардағы көлік инфрақұрылымын дамытуға қажеттілікті талқылады. Спикерлер сондай-ақ саланы дамытуды қолдаудың қажетті шараларын, ЕАЭО елдері көлік техникасы өндірісі көлемінің өсу мәселенамасын және цифрлық жобалар есебінен Ресей көлігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қарады.