Жаңалықтар

29.07.2022

Арзыбек Кожошев Ресейдің Энергетика министрі Николай Шульгиновпен ЕАЭО-ның энергия нарықтарын қалыптастыруды талқылады

29 шілдеде Ресей Энергетика министрлігінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев пен Ресей Федерациясының Энергетика министрі Николай Шульгиновтің жұмыс кездесуінде Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ энергетикалық нарықтарын қалыптастыру жөніндегі халықаралық шарттарды дайындау талқыланды.

Кездесу ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдары басшыларының реттелмеген мәселелерді келісу жөніндегі осы жылғы тамыздың басында жоспарланып отырған кеңесі қарсаңында өтті.

Арзыбек Кожошев энергия ресурстары нарықтарының сезімтал мәселелері бойынша ымыралы шешімдер тұжырымдаудың маңыздылығын атап көрсете келіп, Одақ елдері уәкілетті органдарының позицияларын жақындастыру үшін консультацияларды жалғастыруды ұсынды.

Анықтама

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес ортақ газ, мұнай және мұнай өнімдері нарықтарының жұмыс істеуі 2025 жылғы 1 қаңтардан басталуға тиіс. ЕЭК пен ЕАЭО елдері ортақ нарықтарды қалыптастыру туралы халықаралық шарттармен бірлесе жұмыс істеуді жалғастыруда.