Жаңалықтар

03.07.2024

Арзыбек Кожошев «Озыңқы даму стратегиясы» Еуразиялық интеграциялық форумына қатысты

ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев 3 шілдеде «Ресей» халықаралық көрме – форумында (БХШК, Мәскеу қаласы) өткен «Озыңқы даму стратегиясы» Еуразиялық интеграциялық форумының жалпы отырысы шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтағы көлік дәліздері мен логистиканы дамыту туралы әңгімеледі. Форумның жалпы отырысы БРИКС+ экономикалық кеңістігіндегі интеграцияның перспективалық нысаны ретінде ЕАЭО-ның Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» бастамасымен ұштасуына арналған.

Өз сөзінде министр Одаққа мүше мемлекеттер арасындағы көлік байланыстылығының жоғары көрсеткішін атап өтті. Атап айтқанда, Одақ автомобиль жолдарының ұзындығы бойынша әлемде 4-орынды (әлемдік үлестің 4,9%), темір жолдардың ұзындығы бойынша әлемде 3-орынды (әлемдік үлестің 10,5%) алады.

Арзыбек Кожошев Еуразиялық бірмодальды теміржол маршруттарын, Еуразиялық мультимодальдық маршрутты, сондай-ақ Еуразиялық автомобиль дәліздері мен маршруттарын қамтитын Еуразиялық көлік дәліздерінің картасын көрсетіп, Еуразиялық көлік дәліздерін дамыту, «осал жерлерді» жою, «жіксіз» логистиканы құру бойынша мүше мемлекеттермен бірлесіп атқарылған жұмыс туралы айтты.

Мүше мемлекеттердің үкімет басшылары мақұлдаған, қазіргі уақытта 11 жобаны қамтитын басым интеграциялық инфрақұрылымдық көлік жобалары тізбесінің маңыздылығы айрықша атап өтілді. Жобалар автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялауды, теміржол инфрақұрылымын салуды, электрлендіруді және жаңғыртуды көздейді.

«2023 жылы Комиссия Алқасы қабылдаған Еуразиялық көлік дәліздерін дамытудың кешенді жоспары көлік саласындағы жұмыстың қисынды жалғасы болды. Қазір біз Еуразиялық көлік дәліздерін, дәліз паспорттарын дамытудың нысаналы индикаторларын дайындау, дәліздерге қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеу, «осал жерлерді«анықтауға және жоюға бағытталған жекелеген учаскелерді дамыту жөніндегі іс-шараларды айқындау бойынша жұмыс істеп жатырмыз», — деп хабарлады министр.

Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» көлік бастамасымен ұштастыра дамыту туралы айта келе, ЕЭК министрі «Еуразиялық агроэкспресс» және «Біріккен көлік-логистика компаниясы – Еуразиялық теміржол альянсы» (БКЛК ЕРА) сияқты бірлескен жобаларды еске салды.

«Жобалар белсенді дамып келеді және интеграциялық нәтиженің әрі Қытай Халық Республикасымен тасымалдауды дамытудың жақсы мысалы бола алады. Мәселен, «БКЛК ЕРА» компаниясының транзиттік сервистерінде Қытай – Еуропа – Қытай маршруты бойынша контейнерлік тасымалдау көлемі 2023 жылы шамамен 674 мың ЖФБ құрады», — деп атап өтті Арзыбек Кожошев.

«Бүгінгі таңда болулы қиындықтарға қарамастан, Одақтағы көлік қызметтерінің ортақ нарығының құндылығы бірнеше есе артып, көлікті дамыту және елдеріміздің экономикалық орнықтылығы мен экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін жаңа мүмкіндіктер ашылғанын атап өткім келеді», — деп баса көрсетті ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев.