Жаңалықтар

13.09.2023

Арзыбек Қожошев Өзбекстанның көлік министрі Илхом Махкамовпен жұмыс кездесуін өткізді

ЕАЭО елдерінің ТМД бойынша әріптестері – Өзбекстанмен, Тәжікстанмен, Түрікменстанмен, сондай-ақ Қытаймен, Үндістанмен, Иранмен және Таяу Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия, Латын Америкасы елдерімен өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын дамыту мақсатындағы халықаралық бағыттағы жаңа мүмкіндіктер жаңа сауда нарықтарының қалыптасуына, сауда маршруттары мен көлік дәліздерінің трансформациялануына байланысты ашылуда. Бұл туралы Энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев 12 қыркүйекте Ташкентте Өзбекстан Республикасының Көлік министрі Илхом Махкамовпен кездесу кезінде мәлімдеді.

«Бүгінгі таңда көлік және логистика мәселелері ЕАЭО-да да, оның аумағынан тыс жерлерде де ерекше маңызға ие болып отыр. Шығыс пен Азияға жөнелтілетін жүк ағындарының қарқынын ескере отырып, «Солтүстік – Оңтүстік», «Еуропа – Батыс Қытай», «Жаңа Жібек жолы» дәліздері, Транскаспий халықаралық көлік бағыты жаңа маңызға ие болуда», — деп атап өтті ЕЭК министрі.

Арзыбек Қожошев ЕАЭО елдері бекіткен еуразиялық көлік дәліздері мен маршруттарының тізбесі туралы еске салды, сонымен қатар өткен жылы ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің көлік саласындағы басым интеграциялық инфрақұрылымдық жобалардың тізбесін қабылдағанын және оған 7 жобаның кіргенін атап өтті. Қазіргі уақытта оны өзектендіру мәселесі пысықталуда.

ЕЭК Министрі Өзбекстанның ЕАЭО жанындағы байқаушы ел бола отырып, жоғарыда аталған мәселелер пысықталатын және көлік саласындағы интеграцияның негізгі бағыттары айқындалатын Көлік және инфрақұрылым жөніндегі Консультативтік комитеттің отырыстарына белсенді қатысатынын атап өтті.

Илхом Махкамов Өзбекстанның еуразиялық кеңістікте көлік саласындағы интеграциялық процестерге қатысуының стратегиялық маңыздылығын растады, сондай-ақ Өзбекстан Көлік министрлігі өкілдерінің Комиссияның көлік блогы алаңдарындағы жұмысына қатысуын жандандыруға дайын екенін айтты.

Өз кезегінде Арзыбек Қожошев Илхом Махкамовты ЕАЭО елдерінің көлік саласындағы уәкілетті органдары басшыларының кездесуіне қатысуға шақырды.

Кездесу соңында ЕЭК министрі Комиссияның ЕАЭО және ШЫҰ көлік министрлерінің бірлескен кездесуін өткізу туралы бастама көтергенін атап өтті. Өзбекстанның көлік министрі бұл ұсынысты қолдап, ағымдағы жылдың қараша айының басында Ташкент қаласында өтетін ШЫҰ Көлік министрлері конференциясына қатысуға шақырды.