Жаңалықтар

23.05.2023

Асқар Жаппарқұлов Беларусь мемлекеттік экономикалық университетін 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

Еуразиялық экономикалық комиссия макроэкономикалық саясат департаментінің директоры Асқар Жаппарқұлов 19 мамырда Минскіде өткен Беларусь мемлекеттік экономикалық университетінің 90 жылдығына арналған «Экономика, білім, кадрлар» халықаралық конгресінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің, оның ішінде білім беру саласындағы 2025-Стратегиясын іске асыру аясында ынтымақтастықтың дамуы туралы айтып берді. Іс-шара Одақ аясында білім беру саласын дамытуға жәрдемдесуге бағытталған.

«Одақ елдерінің жоғары білім беру мекемелерін, ғылыми-білім беру қоғамдастығын және студенттерін оның қызмет үдерістеріне кеңінен тарту, білім беру саласындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту, әлемдік тәжірибені зерделеу және талдамалық жұмыстар жүргізу мақсатында Комиссия мен Одақ мемлекеттерінің жоғары білім беру мекемелерінің өзара қарым-қатынасы туралы ереже бекітілді. Бүгінгі таңда Комиссия ЕАЭО елдерінің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтың алты бағдарламасын жасады», - деді Асқар Жаппарқұлов.

ЕАЭО-да білім беруді дамытуға Комиссияның қосқан елеулі үлесі ЕАЭО-дағы интеграциялық процестерді, Одақ мемлекеттерінің интеграцияны дамытудың барлық функционалдық бағыттары бойынша келісілген шешімдерді әзірлеудің құқықтық негіздерін, форматтары мен практикасын егжей-тегжейлі сипаттайтын «Еуразиялық экономикалық интеграция: теория және практика» атты алғашқы оқу құралын дайындау болды. ЕЭК Интеграция және макроэкономика министрі Сергей Глазьевтің атынан Асқар Жаппарқұлов Беларусь мемлекеттік экономикалық университетінің ректоры Алексей Егоровқа оқу құралын таныстырып, университеттің кітапхана қорына бірнеше данасын тапсырды.