Жаңалықтар

26.02.2024 (Обновлено: 26.02.2024 17:58)

Бақытжан Сағынтаев және Александр Лукашенко ЕАЭО-ның одан әрі даму барысын талқылады

2024 жылы 26 ақпанда Минскіде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен кездесті.

Сұхбат барысында Еуразиялық экономикалық одақтың ағымдағы даму барысы, бірлестіктің үшінші елдермен экономикалық қарым-қатынастарын тереңдету, сондай-ақ жаңа геосаяси нақты жағдайында қатысушы мемлекеттердің жалпы әрекеттер стратегиясы және Еуразиялық экономикалық комиссияның әлемдік аренадағы беделін күшейту мәселелері талқыланды.

Бақытжан Сағынтаев Александр Лукашенконы ЕАЭО одағында несие бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін Комиссия бюджетінен субсидиялауды білдіретін ЕАЭО-да  өнеркәсіптік кооперацияны қолдаудың жаңа механизмін құру туралы хабардар етті. Тараптар «3+» форматындағы көпжақты жобалар пулын қалыптастыру жұмыстарында қатысушы елдердің уәкілетті органдарын белсенді ету қажет деген пікірге тоқайласты.

Тараптар азық-түлік қауіпсіздігі тақырыбына баса назар аударды. Бақытжан Сағынтаев Комиссияның осы салада атқарып жатқан жұмыстары, оның ішінде қатысушы мемлекеттерді ауыл шаруашылығы өнімдерімен және азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша мониторингі және негізгі ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс пен ұсыныс теңгерімін жасау туралы айтып өтті.

Сұхбат барысында 2023 жылы 25 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Одақтың мемлекет басшылары қол қойған 2030 жылға дейін ЕАЭО шеңберіндегі экономикалық үдерістерді одан әрі дамыту жөніндегі Декларацияда және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған «Еуразиялық экономикалық жолда» қойылған міндеттер талқыланды. Бақытжан Сағынтаев стратегиялық құжатты жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қатысушы мемлекеттермен талқылағандығы туралы баяндады.