11 сәуірде ЕЭК-тің штаб-пәтерінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық одақ Сотының Төрағасы Алексей Дроновпен кездесті.
Бақытжан Сағынтаев Алексей Дроновты жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, жаңа лауазымда жемісті жұмыс тіледі.
Келіссөздер барысында екіжақты күн тәртібінің барлық спектрі бойынша Комиссия мен ЕАЭО Сотының одан әрі өзара іс-қимылы мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасылды.
ЕАЭО құқығын және құқық қолдану практикасын жетілдіруге басымдық берілді.
Тараптар, атап айтқанда, Комиссия мен ЕАЭО Сотының нормативтік құжаттар шығару саласындағы ынтымақтастық, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының Соттың өндіріске қабылдаған істері туралы хабардар ету, Одақтың 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған «Еуразиялық экономикалық жол» Декларациясын бірлесіп іске асыру перспективаларын қозғады.
Бақытжан Сағынтаев кездесу барысында ЕЭК пен ЕАЭО Сотының Одақтың күн тәртібі шеңберінде құқықтық реттеу мәселелері бойынша тұрақты өзара іс-қимылы интеграциялық бірлестіктегі экономикалық қатынастарға елеулі әсер етуі мүмкін екенін атап өтті.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар жұмыс байланыстарын жалғастыруға және практикалық ынтымақтастықты дамытуға келісті.