Жаңалықтар

11.08.2022 (Обновлено: 19.08.2022 12:52)

Бақытжан Сағынтаев ЕАЫ ҚБҚ Байқаушы кеңесінің төрағасы болып сайланды

10 тамызда ЕуроАзиялық Ынтымақтастықтың Қаржы-Бизнес Қауымдастығының (ЕАЫ ҚБҚ) кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министр Бақытжан Сағынтаев қауымдастықтың Байқаушы кеңесінің төрағасы болып сайланды. 

Жалпы жиналыс жұмысы барысында ЕАЫ ҚБҚ президенті болып SLC-Rus компаниясының негізін қалаушы Ли Шобин (Қытай) сайланды. 

ЕАЫ ҚБҚ — Еуразияның 26 елінің қаржы-банк және іскерлік одақтарын, кәсіпкерлерін, коммерциялық ұйымдары мен банктерін, қоғамдық және ғылыми-өндірістік бірлестіктерін біріктіретін қоғамдық үкіметтік емес ұйым.

Қауымдастық қызметінің мақсаттары:

-оның мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау, олардың қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында оларға консультациялық, әдістемелік және өзге де көмек көрсету;

- қауымдастық мүшелерін қызықтырған қаржы-банк және кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша бірлескен шешімдер әзірлеу; 

- Еуразия елдері бизнес қоғамдастығының шоғырландырылған позициясын қалыптастыру және мемлекеттік билік органдары мен халықаралық ұйымдарға ұсыну; 

- Еуразия елдері кәсіпкерлерінің тиімді қаржы-банк, сауда-экономикалық, өндірістік, ғылыми-техникалық және инвестициялық ынтымақтастығы үшін жағдайлар жасауға жәрдемдесу болып табылады.