ЕЭК-тің жаңа министрінің Қазақстанның мемлекеттік билік органдарындағы басшылық жұмыста игерген елеулі тәжірибесі бар.
Бұдан бұрын ол Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы, Павлодар облысының әкімі, Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі, «Нұр Отан» халық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы, Алматы қаласының әкімі лауазымдарын атқарды.