Жаңалықтар

03.02.2025

Бақытжан Сағынтаев Ненад Поповичпен 2025 жылға арналған бірлескен іс-шараларды талқылады

3 ақпанда Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде ЕЭК Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаевтың Сербия Республикасы Үкіметінің министрі, Еуразиялық экономикалық одақпен қатынасты дамытуға жауапты Ненад Поповичпен жұмыс кездесуі болып өтті. Келіссөз барысында халықаралық күн тәртібінің мәселелері бойынша тыңғылықты пікір алмасылды, қолданыстағы

Еркін сауда туралы келісім шеңберінде ЕАЭО елдері мен Сербия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

 Аталған Келісімге сәйкес құрылған Бірлескен комитеттің бірінші отырысын дайындау барысы, сондай-ақ 2025 жылғы жоғары деңгейдегі басқа да іс-шаралар қаралды.
Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық үшін оңтайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесуге келісті.

 Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімге 2019 жылғы 25 қазанда қол қойылды және 2021 жылғы 10 шілдеде күшіне енді.