Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Александр Турчинді Беларусь Республикасының Премьер-министрі қызметіне тағайындалуымен құттықтады.
"Сіздің Үкімет басындағы қызметіңіз Беларусь пен Еуразиялық экономикалық интеграцияның одан әрі дамуына ықпал ететініне сенімдімін", — делінген құттықтау хатта.
Бақытжан Сағынтаев ЕЭК атынан және жеке өз атынан Александр Турчинге мықты денсаулық тілеп, Беларусь Республикасы мен оның азаматтарының игілігіне арналған барлық белгілеген жоспарларын іске асыруына тілектестігін білдірді.