Бүгін Қазақстанда Республика күні атап өтіледі.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлттық мерекемен құттықтады.
Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Президенті жүзеге асырған реформалардың арқасында республика әлеуметтік-экономикалық даму жолымен сенімді түрде жүріп келе жатқанын, өңірлік және жалпы әлемдік күн тәртібі мәселелерін шешуде жетекші рөл атқаратынын атап өтті.
"Қазақстан Республикасының бастамалары интеграциялық бірлестікке қолда бар мүмкіндіктерді неғұрлым толық іске асыру үшін қуатты серпім бере отырып, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі сындарлы диалог пен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді", – делінген құттықтау хатта.Бақытжан Сағынтаев Комиссия атынан және жеке өз атынан Қасым-Жомарт Тоқаевқа мықты денсаулық, ал Қазақстан халқына — өркендеу мен құт-береке тіледі.