Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Масуд Пезешкианға президенттік сайлаудағы жеңісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.
«Сіздің өмірлік бай тәжірибеңіз бен көреген саясатыңыз Иран Ислам Республикасының одан әрі дамуы мен өркендеуіне зор үлес қосатынына сенімдімін. Еуразиялық экономикалық одақ елдері достық пен өзара сыйластыққа негізделген Иран елімен жасалған мызғымас әріптестікті жоғары бағалайды. Ынтымақтастығымыздың жаңа мүмкіндіктерін нығайту және одан әрі ашу үшін өзара тығыз қарым-қатынасымызға сенеміз», — деді Бақытжан Сағынтаев.
ЕЭК Алқасының Төрағасы Масуд Пезешкианға оның бастамаларына сәттілік, ал Иран халқына өркендеу тіледі.