Жаңалықтар

01.10.2024

Бақытжан Сағынтаев ЕАЭО шеңберінде цифрландыру процестерін интеграциялау бойынша Digital Union тұжырымдамасын ұсынды

1 қазанда Ереванда Еуразиялық экономикалық форумының «Қазіргі замандағы цифрландыру – төрт бостандықты қамтамасыз ету үшін императив» атты пленарлық сессиясы өтті.

Еуразиялық экономикалық одақ елдері үкіметтерінің басшылары: Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинян, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Роман Головченко, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің төрағасы - Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустин және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев іс-шараның негізгі спикерлері болды.

Форумға құрметті қонақтар – Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов және Иран Ислам Республикасының Бірінші Вице–президенті Мұхаммед-Реза Ареф қатысты.

Бақытжан Сағынтаев форумда Комиссияның Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі цифрландыру процестері туралы көзқарасын ұсынды.

«Ұлттық үкіметтердің табысты тәжірибесіне сүйене отырып және интеграцияланған ақпараттық жүйенің мүмкіндіктерін іске қоса отырып, біз Digital Union идеясын ұсындық. Оның мақсаты - біздің халықтарымыз бен бизнесімізге еуразиялық экономикалық интеграцияның нақты пайдасын көрсету. Бұл ретте біз мүше мемлекеттердің цифрлық егемендігіне сөзсіз қол сұғылмаушылықты негізге алдық», - деді ЕЭК Алқасының Төрағасы.

Бұл тұжырымдама ЕАЭО мемлекеттерінің цифрландыруға жауапты бейінді ведомстволарымен келісілген.

Бақытжан Сағынтаев негізінде Digital Union құрылатын және елдің цифрлық егемендігін еш қозғамайтын үш негізгі қағидатты атап өтті.

Бірінші кезекте, бұл Digital Union құру кезінде пайдаланылатын нормативтік және инфрақұрылымдық шешімдердің үйлесімділігі. Осыған байланысты ұлттық цифрлық платформаларға өзгерістер енгізудің қажеті жоқ.

Екіншіден, синхрондау және ұлттық цифрлық платформалардың жіксіз өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Үшінші қағидат-интеграциялану: Digital Union мүше мемлекеттер дайын көлемде және қарқынмен барлық төрт "бостандықты" цифрландыруға бағытталған, әрбір ел қажеттілігіне қарай ортақ платформаның элементтеріне қосыла алады.

Мұндай қағидаттар цифрландыру саласындағы үздік елдік шешімдерді байланыстыруға мүмкіндік береді, сол арқылы оларды одан әрі масштабтау үшін жағдай жасайды.

Еуразиялық «бестік» елдерінің азаматтары мен заңды тұлғаларын деректерді берусіз сәйкестендіру мен аутентификациялаудың өзара танылатын жүйесін қалыптастыру да маңызды болып табылады. Көрсетілген жүйелерді өзара тану жөніндегі пилоттық жобаны ЕЭК Армения және Қырғызстанмен бірлесіп жүзеге асыруда, Қазақстан – жобаға қосылу процесінде.

«Біз елдік мүдделерді ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік артықшылығын – трансшекаралық ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге заңды құқықты іске асыруды дәйекті түрде жалғастырамыз», - деді ЕЭК Алқасының Төрағасы.