Саммитке Әзербайжан, Беларусь, Үндістан, Иран, Қазақстан, Катар, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, БАӘ, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан мемлекеттері мен үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ БҰҰ, ЭЫҰ, АӨСШК, ТМД, ҰҚШҰ, АҚИҰ сияқты халықаралық және өңірлік құрылымдардың басшылары қатысты.
Қазіргі уақытта Беларусь, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан ШЫҰ мүшесі болып табылады.
2023 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін ШЫҰ-ға Қазақстан төрағалық етеді.