Жаңалықтар

28.10.2024

Бақытжан Сағынтаев Аргентинаның Ресейдегі Елшісі Энрике Игнасио Феррер Виейрамен келіссөз жүргізді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев 28 қазанда ЕЭК штаб-пәтерінде Аргентина Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Энрике Игнасио Феррер Виейрамен жұмыс кездесуін өткізді.

Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ пен Аргентина арасындағы, сондай-ақ Аргентина Республикасы мүшесі болып табылатын Оңтүстік Американың ортақ нарығымен (МЕРКОСУР) өзара іс-қимылды талқылады.

ЕЭК Алқасының басшысы Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері мен МЕРКОСУР арасындағы өзара сауданың оң серпінін атап өтті.

ЕАЭО елдері мен МЕРКОСУР арасындағы тауар айналымы 2024 жылдың бірінші жарты жылдығында 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30%-дан астам өсті.

Энрике Игнасио Феррер Виейра өз кезегінде ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік білдірді.