Жаңалықтар

25.04.2024

Бақытжан Сағынтаев: «Кәсіпкерлік саласындағы өзара іс-қимылды күшейту – Еуразиялық интеграцияның басты басымдығы болып табылады»

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев 25 сәуірде Мәскеуде Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының (РӨКО) съезіне қатысты. 

Іс-шараға қатысушыларға ілтифат лебізін арнаған Бақытжан Сағынтаев РӨКО-нің Еуразиялық интеграцияның басым бағытын – Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің бизнес-топтары арасында диалог құруды практикалық іске асырудағы маңызды рөлін атап өтті.

ЕЭК Алқасының Төрағасы өз сөзінде ЕАЭО-да кәсіпкерлікті ынталандыруға орайлас тәсілдемелерге ерекше назар аударды.

Атап айтқанда, Бақытжан Сағынтаев Комиссияның бірлестік елдерінің іскер қоғамдастығымен өзара іс-қимылының қолданыстағы форматтары туралы хабарлады.

Іскерлік ахуалды жақсарту үшін ЕАЭО кеңістігінде ұлтүсті реттеудің бизнес жүргізу жағдайына әсерін бағалау жүргізілуде, шарттық-құқықтық база үнемі жетілдіріліп, өзара саудадағы кедергілер жойылып келеді.

ЕАЭО кеңістігінде іскер белсенділіктің өсуіне ықпал ететін механизмдер туралы айта келіп, ЕЭК Алқасының Төрағасы өнеркәсіптік кооперация жобаларын қаржыландыруға жан-жақты тоқталды. Ағымдағы жылы бұл мақсатқа шамамен 1,8 млрд рубль бөлініп отыр.

Бақытжан Сағынтаев озық халықаралық стандарттарға сәйкес келетін бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған өнімді шығару үшін тығыз кооперациялық байланысты жолға қою ЕАЭО-ның технологиялық тез дамуына ықпал етіп, әлемдік аренадағы позициясын күшейтетінін атап көрсете келіп, бизнес-қоғамдастықты осы бағдарламаға белсендірек қосылуға шақырды. "Тұтастай алғанда Комисссияның жұмысы біздің елдеріміздің кәсіпкерлерінің ЕАЭО-ның интеграциялық әлеуетін барынша тиімді пайдалануы үшін жағдайлар жасауға бағытталған. Біз бизнеспен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделіміз", – деп қорытындылады Бақытжан Сағынтаев.