Жаңалықтар

05.08.2022 (Обновлено: 11.08.2022 09:49)

Бақытжан Сағынтаев «Лиссабон — Владивосток» халықаралық бизнес-бастамасы басқармасының төрағасы Ульф Шнайдермен кездесті

4 тамызда ЕЭК штаб-пәтерінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақытжан Сағынтаев пен «Лиссабон — Владивосток» халықаралық бизнес-бастамасы басқармасының төрағасы Ульф Шнайдердің жұмыс кездесуінде Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істеуі және Еуропалық бизнес-қоғамдастықпен ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Ульф Шнайдер «Лиссабон — Владивосток» халықаралық бизнес-бастамасының қызметі туралы хабардар етті. Кездесуге қатысушылар оның ағымдағы жағдайдағы перспективалары туралы пікір алмасты, Еуропалық бизнестің күтуін ескере отырып, Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың өзекті мәселелерін талқылады және диалогты жалғастыру туралы уағдаласты.