Жаңалықтар

13.01.2023

2022 жылғы қарашада ЕАЭО-да жұмыссыздық 18% қысқарды

Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің халықты жұмыспен қамту қызметтерінде тіркелген жұмыссыздар саны 2022 жылғы қарашаның аяғындағы жай-күй бойынша 910,1 мың адамды құрады және 2021 жылғы ұқсас күнмен салыстырғанда 18,1% қысқарды.
Сөйтіп, жұмыссыздар саны жұмыс күші санының 0,9%-ын құрайды. 2021 жылы бұл көрсеткіш 1,2% құрады.

 ЕАЭО-дағы жұмыссыздық туралы толығырақ ақпарат Статистика департаменті бетіндегі «Жұмыссыздық туралы» бөлімде берілген.