«Жасыл Еуразия» конкурсына өтінімдерді қабылдау аяқталды, оның мақсаты климаттық митигация, бейімделу және орнықты даму бойынша неғұрлым тиімді тәжірибелерді іріктеу болып табылады.
Жарысқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің және үшінші елдердің коммерциялық ұйымдары, КЕҰ, мемлекеттік мекемелері, билік органдары, бірлестіктері мен жеке тұлғалары қатысады. Конкурсты Еуразиялық экономикалық комиссия мен Стратегиялық бастамалар агенттігі (СБА) ұйымдастырады.
«Өтінім бергендер арасынан ЕАЭО мемлекеттерінен басқа ТМД бойынша серіктес елдердің (Әзірбайжан, Түрікменстан), сондай-ақ алыс шетелдердің, яғни Қытай, Иран, Египет, Индонезия, Камерунның жобаларын атап өтуге болады. Өтінімдердің басым бөлігі төмен көміртекті көлік, энергетика және орман климаттық жобалары салаларында берілді», – деді ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев.
Министр келесі кезеңде кәсіби қоғамдастық өкілдерінің сараптамалық тобы өтінімдерді бағалайтынын, содан кейін жеңімпаздар мен финалистерді конкурстың төралқасы анықтайтынын атап өтті.
«Конкурстың географиясы биыл кеңейгендіктен біз барлық елдердің өтінімдерін қабылдадық, тәжірибелер жиынтығы әр түрлі. Конкурс климат саласындағы үздік шешімдермен алмасудың пайдалы құралы болатынына сенімдіміз. Қатысушылар бір-бірінің тәжірибелерінен қайталану әлеуетін көріп, оларды өз сұраныстарына бейімдей алуы маңызды», – деді СБА бас директоры Светлана Чупшева.
«Жасыл Еуразияның» серіктестері Газпромбанк, Промсвязьбанк және Мельниченко қоры болды, олардың әрқайсысы өз номинациялары бойынша жобаларды атап өтеді.
Конкурс қорытындысы 2024 жылдың қыркүйек-қазан айларында Ереван қаласында (Армения Республикасы) өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына орайластырылған Еуразиялық экономикалық форумда жарияланады деп күтілуде.