Жаңалықтар

16.03.2023 (Обновлено: 20.03.2023 09:13)

ЕАЭО-дағы жұмыссыздар саны 2023 жылғы қаңтар айында 10%-дан астамға қысқарды

Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің халықты жұмыспен қамту қызметтерінде тіркелген жұмыссыздар саны 2023 жылғы қаңтар айының соңындағы жай-күйі бойынша 884,2 мың адамды құрап, 2022 жылғы осы күнмен салыстырғанда 10,1% қысқарды.

Сөйтіп, жұмыссыздар саны жұмыс күші санының 1%-ын құрайды. 2022 жылы бұл көрсеткіш 1,1% құраған еді.

ЕАЭО-дағы жұмыссыздық туралы толығырақ ақпарат Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистика департаменті бетіндегі «Жұмыссыздық туралы» бөлімде берілген.