Еуразиялық экономикалық комиссияның бейінді Консультативтік комитеті жанындағы кедендік декларациялау жөніндегі жұмыс тобының отырысында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін фармацевтикалық субстанцияларды, интермедиаттарды, реагенттерді және дәрі өндіруге арналған материалдарды декларациялау мәселесі қаралды. Отырыс ЕЭК штаб-пәтерінде ЕЭК Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті директорының орынбасары Григор Оганянның төрағалық етуімен болып өтті.
Атап айтқанда, мұндай тауарлар үшін олардың қозғалысын автоматтандыру және бақылау мақсатында оны өңдеуді және кейіннен пайдалануды оңтайландыру үшін кодталған ақпаратты ерікті негізде көрсету ұсынылды.