Сай келетін және озыңқы индикаторлардың жаңартылған есебіне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елінде экономикалық белсенділіктің оң серпіні сақталып отыр.
Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының экономикасы іскерлік белсенділіктің өрлеу кезеңінде, Армения Республикасы мен Беларусь Республикасының экономикасы — баяулау кезеңінде.
Наурызда Комиссияның бағалауы бойынша Беларусьта, Қазақстанда және Қырғызстанда ағымдағы үрдістер сақталады. Ресей экономикасы іскерлік белсенділіктің шыңынан өтеді, содан кейін ол біртіндеп баяулайды, Армения үшін одан әрі баяулау күтіледі.
Озыңқы индикаторлар Комиссияның қысқа мерзімді перспективада еуразиялық «бестік» елдеріндегі іскерлік белсенділіктің өзгеру серпінінің бағыты туралы идеяны қалыптастыру үшін қолданатын болжау құралы болып табылады. Олар экономикалық агенттердің мінез-құлқын айғақтайтын және экономикадағы негізгі трендтерді көрсететін қысқа мерзімді процестер туралы неғұрлым маңызды ақпаратты жинақтайды.