Жаңалықтар

23.09.2022 (Обновлено: 03.10.2022 15:23)

Жеке тұлғалар үшін тауарларды 1000 еурода бажсыз әкелу шегінің қолданылуы 2023 жылғы 1 сәуірге дейін ұзартылды

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 23 қыркүйектегі отырысында жеке тұлғалар үшін тауарларды 1000 еурода бажсыз әкелу шегінің қолданылуын 2023 жылғы 1 сәуірге дейін ұзартуға шешім қабылданды.

Бұдан бұрын Комиссия Кеңесі тасымалдаушылар таситын немесе пошта жөнелтілімдеріндегі, сондай-ақ әуе көлігінен басқа, көліктің барлық түрімен багаж ретінде әкелінетін немесе жаяу жүру тәртібімен әкелінетін тауарлар үшін бажсыз әкелу шегін 1000 еуроға дейін арттырған еді. Мұндай шек уақытша негізде ағымдағы жылғы 1 қазанға дейін белгіленді.

Шараны ұзарту азаматтарды санкциялық қысым жағдайында қолдауға және көпшілік қолды тауарлар мен сыни импорт тауарларының тапшылығынан аулақ болуға мүмкіндік береді.