ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев атап көрсеткендей, үлкен деректерді қолдану мәселесі техникалық және ғылыми прогрестің қисынды заңдылығы болып табылады.
"Бүгінде, экономикалық дамудың ұзақ мерзімді заңдылығына сүйене отырып, біз болашақты көре білуді үйрендік, бірақ бұл экономикалық-математикалық талдаудан гөрі сапалы көре білу дегенге келеді. Бізге бұл әрі мазмұнды верифицикациялау, әрі міндеттер қою және нәтижелерді түсіндіре алатындай болуы үшін үлкен деректермен жұмыс істеуді үйрену керек",- деп атап өтті Сергей Глазьев.
Семинарға қатысушылар үлкен деректерді пайдаланудың баға статистикасы, қаржы статистикасы, демографиялық статистика, туризм, ауыл шаруашылығы, бөлшек сауда статистикасы сияқты перспективалы салаларын талқылады. Тәжірибе алмасу және табысты кейстерді көрсету болып өтті.
Сонымен бірге, семинарға қатысушылар деректердің қағидатты жаңа көздерінің артықшылықтарын ресми статистиканы дайындау үшін пайдалану әдіснама, сапа, технологиялар, деректерге қол жеткізу, заңнама, құпиялылық, басқару, қаржыландыру және басқа мәселелер шешілгеннен кейін мүмкін болатынына бірнеше мәрте назар аударды. Бұдан басқа, шығындар мен нәтижелерге тиісті талдау жүргізілуге тиіс.
Семинарға қатысушылар диалогты жалғастыруға және пікір алмасу мен халықаралық бастамаларды, таңдаулы шетелдік практикаларды және өңір елдерінің ресми статистикада үлкен деректерді пайдалану жөніндегі тәжірибесін талқылау үшін тұрақты жұмыс істейтін алаң ұйымдастыруға тілек білдірді. Сондай-ақ ресми статистикада, соның ішінде Еуразиялық желілік университеттің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, үлкен деректерді пайдалану әлеуетін өсіре түсу жөнінде өңірлік хаб құру ұсынысы айтылды.
Семинарға Еуразиялық экономикалық одақтың, Азия-Тынық мұхит өңірі мен ТМД-ның, халықаралық ұйымдар мен ғылыми қоғамдастықтардың, соның ішінде Қытайдың. Кореяның, Өзбекстанның және басқа елдердің ұлттық статистикалық қызметтерінің сарапшылары қатысты.
Анықтама
Үлкен деректер - бұл ресми статистикадан тыс ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде туған әлеуметтік-экономикалық даму және қоршаған орта туралы бастапқы ретте жүйеленбеген деректер.
Үлкен деректер ақпараттың үлкен көлемі, ақпараттың өзгеруінің жоғары жылдамдығы, деректердің әртүрлілігі және әртектілігі сияқты белгілермен сипатталады.
Үлкен деректердің көздері - GPS навигаторлары, бейнебақылау камералары, жерсерік деректері, ұялы телефондар, электрондық сауда, банк карталары, әлеуметтік желілер, іздеу жүйелеріндегі интернеттік сұратулар, электрондық хабарлар, пайдаланушының жер карталары және басқалар.
Үлкен деректер көздерінің әлеуеті дегеніміз - олардан, кейде нақты уақыт режимінде, әдетте барынша аз шығындармен жасалатын үлкен деректердің ауқымын уақытылы алу мүмкіндігі.