Жаңалықтар

15.06.2022

ЕАЭО елдері автоөндірушілерінің 2023 жылдың 31 қаңтарына дейін ЭРА-ГЛОНАСС орнатпауына болады

ЕЭК Алқасы 14 маусымда тараптардың ұсынысы бойынша ЕАЭО-ның кедендік аумағында әзірленген M1, M2, M3, N1, N2 және N3 (қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдары мен балаларды тасымалдауға арналған көлік құралдарын қоспағанда) санаттарындағы көлік құралдарын (шассиді) шұғыл жедел қызметтерді шақыру құрылғысымен немесе жүйесімен жабдықтамау мүмкіндігін 2023 жылғы 31 қаңтарға дейін ұзартты. Өтпелі ережелерді белгілеу қажеттілігі шұғыл жедел қызметтерді шақырудың осы жүйелерін өндіру кезінде пайдаланылатын жартылай өткізгіштердің тапшылығын сақтаудан туындады, бұл Одақтың ең ірі автоөндірушілерінің мәжбүрлі тоқтап қалу тәуекелдерін тудырады.

Көлік құралдарын (шассиді) дайындаушы 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін шұғыл жедел қызметтерді шақыру құрылғысымен немесе жүйесімен қосымша жарақтандырылуға тиіс екендігі көзделген. Бұл ретте өндірушілер тұтынушыны көлік құралын (шассиді) құрылғымен немесе шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру жүйесімен қосымша жарақтандыру және электрондық ККҚ-да тиісті ақпаратты көрсету қажеттігі туралы хабардар етуге міндетті. 

Сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларға жеке пайдалану үшін ЕАЭО аумағына әкелінетін көлік құралдарын шұғыл жедел қызметтерді шақыру құрылғысымен немесе жүйесімен жарақтандырмауға құқық беру туралы ұсынысын пысықтау және қорытындысын ЕЭК Кеңесінің таяудағы отырысында қарау туралы шешім қабылданды.