2021 жылы ұлттық валюталардағы төлемдердің үлесі 73,5%, соның ішінде Ресей рублімен 71,3% құрады. Мейлінше көп өсім қырғыз сомымен есептесуде байқалды, олардың үлесі 0,6 пп.артты. Доллар төлемдері 0,8 пп.азайды.
ЕАЭО мемлекеттерінің өзара есептесулерін қоса, әлемнің барлық елімен төлемдердің валюталық құрылымында АҚШ доллары басымдықты болды: ол экспорт үшін есептесулерде 54,3% және импорт үшін есептесулерде 36,8%.
Толығырақ статистикалық ақпарат Статистика департаментінің «2021 жылғы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспорты және импорты үшін төлемдер туралы» бөлімінде берілген.
ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі