Жаңалықтар

28.11.2022 (Обновлено: 06.12.2022 11:50)

ЕАЭО мен "БРИКС" әмбебап төлем жүйесін және тәуелсіз халықаралық институттар құруды пысықтауда

Еуразиялық экономикалық одақ пен "БРИКС"-тің өзара іс-қимылы шеңберінде төлем және есеп айырысу инфрақұрылымдарын біріктіру жөнінде жұмыс ұйымдастырылуы мүмкін. ЕЭК Алқасы Төрағасының кеңесшісі Владимир Ковалев бұл туралы 28 қарашада Мәскеуде "БРИКС" халықаралық форумы барысында "БРИКС" елдері мен ЕАЭО ынтымақтастығының жаңа моделі - ескі экономикалық парадигмаларға балама" жалпы сессиясында айтты.

"Әлемдік қаржы жүйесі өзгеруде. ЕАЭО мен "БРИКС" ынтымақтастығының айтарлықтай әлеуеті екі бірлестіктің валюталар қоржыны базасында жаңа есептесу бірлігін қалыптастыру туралы айтуға мүмкіндік береді. Қытай (Union Pay), Үндістан (RuPay), Бразилия (Elo), ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық жүйелерін (МИР, Белкарт және т.б.) біріктіретін, ортақ төлем картасын ("БРИКС" + ЕАЭО) шығаруды бағамдайтын, әмбебап төлем жүйесін құру қызықты әрі тиімді болуы мүмкін", – деп атап өтті Владимир Ковалев.

ЕАЭО мен "БРИКС"-тің сауда-экономикалық ынтымақтастығы белсенді айналым алып келеді. 2022 жылдың бірінші жарты жылдығы ішінде ғана ЕАЭО мемлекеттерінің "БРИКС" елдеріне эспорты бағалануында бір жарым есе артты, ал "БРИКС"-тің ЕАЭО-ның жиынтық сыртқы тауар айналымындағы үлесі шамамен 30%-ға жетті.

Еуразиялық экономикалық комиссия қызметтері "БРИКС" пен ЕАЭО-ның ортақ кеңістігіне таралатын тәуелсіз халықаралық институттар құру перспективасын көріп отыр. Владимир Ковалев атап өткендей, "БРИКС" пен ЕАЭО-ның макроқаржылық даму институттарының, атап айтқанда, "БРИКС" Жаңа даму банкінің, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің, ЕАДБ-ның, сондай-ақ ұлттық даму институттарының әлеуетін біріктірген орынды. Бұл синегретикалық нәтижеге жетуге және орнықты инфрақұрылымға, инновациялық өндірістерге, жаңғыртылатын энергия көздеріне қадамдас инвестицияларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді".

Бүгінде ЕАЭО мен "БРИКС"-те рейтингтеудің әмбебап механизмін құру мақсатында прагматикалық тәсілдеме де сұранысты болып отыр, оның бағалауы конъюнктуралық тәуекелдерге жатпаған болар еді және бүкіл жаһандық кеңістікте инвестициялық шешімдер қабылдау кезінде негіз қалаушы бола алар еді. 

"Қазірдің өзінде өзін көрсеткен алаңдардың, мысалы, қытайлық Dagong және Chengxin Credit агенттіктерінің тәжірибесін пайдалануға болады. ЕАЭО-да оң практика бар, мысалы, Ресейдің Талдаушы кредиттік рейтинг агенттігі (ТКРА) Одақ нарықтарында ойдағыдай жұмыс істейді. Еуразиялық рейтинг агенттігін құру мәселесі Одақ алаңдарында талқылануда",- деп пікір бөлісті ЕЭК Алқасы Төрағасының кеңесшісі.

ЕАЭО мен "БРИКС" экономикасының жуықтамасы халықаралық өзара іс-қимылдың тең құқықты және ашық форматы ретінде Үлкен Еуразиялық әріптестікті қалыптастырудың практикалық негізі болып саналады. Форумның жалпы сессиясы шеңберінде оның қатысушылары іскер топтар мен сарапшылық қоғамдастықты осы жұмысқа тарту арқылы ЕАЭО мен "БРИКС" іс-қимылының жалпы стратегиясын дайындау бастамасын білдірді.