Анықтама
Конференция шеңберіндегі талқылаудың негізгі тақырыптары Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" бастамасын іс жүзінде іске асыру, көпполярлы әлемдік тәртіпті қалыптастыру, ҒЗТКЖ, инновациялар, цифрландыру, қауіпсіздік мәселелері, жаһандық жеткізу тізбегін трансформациялау, Ресей мен Қытай, Үндістан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас мәселелері болды.
Ашылу салтанатына Қытай Халық Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Юн Фан, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Тату көршілік, достық және ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының бас хатшысы Чжэн Вэй, Армения Премьер-Министрінің көмекшісі және 2050 жылға дейінгі Арменияны трансформациялау стратегиясы жөніндегі топтың жетекшісі Акоп Абрамян және Арменияның Қытай-Еуразиялық саяси және стратегиялық зерттеулер кеңесінің директоры Мгер Саакян қатысты.