31 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссияда ЕЭК Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаментінің директоры Наталья Жукованың төағалық етуімен Еуразиялық экономикалық одақ пен Куба Республикасы арасындағы тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі өзара іс-қимылға арналған семинар өткізілді.
ЕАЭО елдері үшін тақырыптың маңыздылығын атап көрсете келіп, Наталья Жукова осы саладағы халықаралық диалогты дамыту Еуразиялық интеграция негіздерін нығайтып, өзара пайдалы ынтымақтастыққа ықпал ететінін атап өтті.
Семинарда тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құралдары талқыланды, Одақ мемлекеттерінің және Кубаның азаматтары үшін өзекті мәселелер қаралды.
Комиссия ЕАЭО елдерінің тұтынушыларды қорғау жөніндегі бірлескен жұмысының нәтижелерін ұсынды. Куба делегациясы ұлттық тұтыну нарығын реттеу механизмдері туралы хабардар етті.
ЕАЭО елдері мен Куба арасындағы тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кепілі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айрықша назар аударылды.
Бұдан арғы өзара іс-қимыл жоспарлары белгіленді, туризмде, медицинада, білім беруде тұтынушыларды қорғау мәселелерін қоса, талқылау үшін жаңа тақырыптар айқындалды.
Наталья Жукованың сөзінше, семинар тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы диалогты дамыту және экономикалық байланыстарды жолға қою үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.
Семинар жұмысына Кубаның әртүрлі министрліктері мен ведомстволарының басшылары мен өкілдерін, сондай-ақ Куба Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігін қоса, мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.
Семинар Еуразиялық экономикалық комиссия мен Куба Республикасының Үкіметі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумды дамытуға орай қабылданған бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылды